Қайырымдылық - жан жылуы

Қайырымдылық - жан жылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық - адамгершіліктің бастауы. Осы бір мұқтаждарға көмек көрсету - ҚМДБ қолға алған басты бағыттардың бірі болып табылады. Өңір мешіттері де қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып тұратыны белгілі. 

Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде осындай кезекті көмек көрсету іс-шарасы өтті. Науқанда 7 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, рамазан айындағы жақсылық насихатталды.

Жанұяларға мешіт ұстазы Жалғас көмекті табыстап, қасиетті рамазан айымен құттықтады. 

Айта кету керек, бұл кішігірім жәрдем бұл айдағы қайырымдылықтардың басы ғана. Алда әлі де жасалар іс-шаралар көп дейді мешіт қызметкерлері.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: