Ақ жаулықты әжелер 15 күнде Құранды хатым етті

Ақ жаулықты әжелер 15 күнде Құранды хатым етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәйләми жеткізген өсиетте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран кәрімді хатым еткен адамға алпыс мың періште истиғфар етеді» - деген. Осынау қасиетті Құран түскен айда барша мұсылман көбірек Құран оқып, хатым дұғысын жасауға асығады. 

Міне, осы бір жақсылықта алға шыққан "Һибатулла Тарази" мешітінің жанынан ашылған сауат ашу курсының әжелері мешіт ұстаздарымен қосылып 15 күнде құранды хатым етті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілдігінің ұйымдастыуымен өткен бастама негізінде әйелдер жамағаты күнделікті жиналып бірнеше параны кезектесіп оқысты. Соның қорытындысы ретінде бүгін дұға жасалды. Іс-шараға "Һибатулла Тарази" медресесі директорының орынбасары Нұралы Бақытқұлы қатысып, әжелермен бірге дұға жасап, рамазан айында Құран оқудың маңызы жайлы тілге тиек етті. 

Жамағат бірі қалмай кезекпен дұғаларын айтып, Жаратқаннан береке сұрады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: