Орталық мешітте ауызашар басталды

Орталық мешітте ауызашар басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза – сабырдың жартысы. Ораза бір жағы күнә жасамауда сабырлы болуға, екінші жағы ғибадат жасауда шыдамдылыққа тәрбиелейді. Оразаның теңдессіз құлшылық екендігі жайлы Әбу Үмәма (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған «Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», – деді. Мен екі-үш рет қайталап сұрасам да «Ораза ұста, оған тең келер құлшылық жоқ», – деген жауабынан танбады» дейді. 

Оразаның сауабына байланысты басқа хадистерінде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кімді ораза ішіп-жеуден тыйса, Алла Тағала оған Жұмақ жемістерінен жегізіп, Жұмақ бұлақтарынан ішкізеді», «Жұмақта «Раййан» деп аталатын есік бар, ол есіктен тек ораза ұстағандар ғана кіре алады», – деу арқылы ораза ұстаушылардың Жәннатта арнайы құрметке бөленетінін сүйіншілеп жеткізген. 

Барша үмметтің асыға күткен Құран айы да келіп жетіп, жұртшылық ауыз бекітуде. Мешіттерда ауызашарлар жасалып, тарауих намазы оқылуда. Ораза айының бірінші күнінен бастап Жамбыл облысының рухани жүрегі болған «Һибатулла Тарази» мешітінде ауызашар басталды. Ауызашар Рамазан айы 30 күн бойы жалғаспақ.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деген. Сауаптар еселеніп жазылатын ұлық айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: