Қалалық мешіттерде тарауих намазы оқылды

Қалалық мешіттерде тарауих намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін  Тарауих намазын оқыса, оның өткен күналары кешіріледі» деген хадисі жеткен.

Қала жамағаты қасиетті Рамазан айына ерекше ықыласпен дайындалып, қалалық мешіттерде  тарауих намазын оқуды бастады.

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Нұртайұлы құптан намазынан соң қасиетті айға аман-есен жеткізгені үшін Аллаға мадақ айтып, Оразаның сан жетпес сауабы мен Тарауих намазының шығу тарихы туралы көпшілікке уағыз – насихаттар жүргізді.

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғс.): «Алла Тағала сендерге Рамазанда (күндіз) ораза ұстауды парыз етсе, Мен (түнінде) құлшылық етуді сүннет еттім» - деген. Сүннетті орындауға, мол сауапқа кенелуге нәсіп етсін!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: