Әйелдер жамағаты "Ұлттар достығы" күнін атап өтті

Әйелдер жамағаты "Ұлттар достығы" күнін атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы, "Һибатулла Тарази" мешітінің жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсы ұстаздарының ұйымдастыруымен 1 мамыр "Ұлттар достығы" күніне орай арнайы кеш ұйымдастырылды. 

Іс-шарада мешітте сауат ашып жүрген шәкірттер мен жамағат өз ұлттық киімдерін киіп, дәстүрімен таныстырып, тағамдарын ұсынды. Ұлттық киіммен ортаға шыққан қазақ, қызғыз, өзбек, дүнген ұлтының өкілдері киімнің мағынасы, тамақтың ерекшелігі жайлы тілге тиек етті. 

Көпшілікке ақ жаулықты әжелер бата беріп, "Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы сөз сөйлеп, мерекелік кештің шымылдығын ашқан болатын. 

Ал сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева халықтар достығы, бірлігі жайлы сүбелі сөз сөйлеп, бұл шара ұлт-ұлтқа бөлу емес, керсінше бір-біріміздің ата дәстүрімізбен танысып, ауызбіршілігімізді арттыра түсу деп жиынның мақсатын атап өтті. Сондай-ақ көркем уағыз айтып, жамағатқа рухани азық сыйлады. 

Шарадан ерекше әсер алған жамағат қуаныштарын жасырмады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: