Алжир мешіті ашылды

Алжир мешіті ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алжирде жеті жылға созылған құрылыстан соң миллиард доллардан аса қаржы жұмсалған алып мешіт ашылды.

Джамаа Эль-Джазаир мешітінің жалпы аумағы 400 000 шаршы метр және мұнара ұзындығы 265 метр. Онда аумақты шолу алаңы бар. Мешіт ғимараты мен оның ауласында 120 000 адам бір мезетте құлшылық ете алады, ал жерасты көлік тұрағына 7 000 көлікке дейін сыяды.

Алып мешіт кешенінде Құран мектебі, кітапхана, дәмхана, амфитеатр және зерттеу орталығы бар, деп жазады Quartz.

Енді Африкадағы ең ұзын мұнара Алжир мешітіне тиесілі. Бұған дейін ең ұзын мұнара Марокконың Касабланканың Хассан II мешітіне тән болған еді. мешіт құрылысын қытайлық корпорация жүргізген.

Айта кету керек, үлкен мешіт құрылысы және биіктігі шамамен 10 қабатты үйге тең мұнара жобасы алжирлік қоғам тарапынан көп талқылауға түскен еді. Қоғам өкілдері үлкен жобаға кететін қаражатты елдегі мүшкіл халдегі денсаулық сақтау жүйесіне салу керек деген ұсыныстар айтқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: