Салах әйелге деген қатынасты өзгертуге шақырды

Салах әйелге деген қатынасты өзгертуге шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбританияның «Ливерпуль» ойыншысы Мохамед Салах мұсылмандар өз мәдениеттерін жетілдіру қажет деп санайды. Ол үшін ер азаматтар әйелдерге деген қарым-қатынастары мен көзқарастарын өзгертуі қажет дейді мысырлық футболшы. Бұл туралы Islam.ru хабарлады.

Оның ойынша, мұсылман ер азаматтар әйелдермен қарым-қатынастарын түзеуі тиіс.

«Мен ойымша, біздің әйелдерге деген қарым-қатынасымызды өзгертуіміз қажет. Бұл – өте маңызды. Мен қазір әйелдерді қолдаймын. Тіпті бұрын осылай қолдамағанмын. Өйткені олардың орны ерекше» дейді Салах.

Айта кетсек, Мохамед Салах Time журналының нұсқасы бойынша әлемдегі 100 ең ықпалды тұлға тізіміне енген.

Құран мен сүннетке сүйенсек, әйел затының адамзат өміріндегі мәртебесі биік. Ислам діні әйел баласының барлық құқықтарын қорғайды, алайда кейбір халық арасында қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бұл нормаларды асыра сілтеуге немесе бұрмалауға алып келеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: