Салық кодексіндегі өзгерістердің садақа мен қайырымдылыққа қатысы жоқ

Салық кодексіндегі өзгерістердің садақа мен қайырымдылыққа қатысы жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Шығыс Қазақстан облысында Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер басшыларының басын қосқан жиын өтті. Бұл туралы dinvko.gov.kz сайты хабарлады.

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгертулер діни салаға да тікелей әсер етті. Жиын барысында діни құрылымдарда күнделікті кассалық-бақылау құралдарын пайдалану мәселесі кеңінен сөз болды.

Салық кодексіндегі өзгерістердің садақа беру мен қайырымдылыққа қатысы жоқ. Тек діни тауарларды сату және қолма-қол ақша жүретін әр түрлі қызмет көрсету қызметтерінде міндетті түрде кассалық аппараттарды пайдалану керек. Бұның барлығын жиылған қауымға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Сабралимова тәптіштеп түсіндіріп берді.

Айта кетейік аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасында кассалық-бақылау құралдарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) берудің функциясы бар бақылау машиналарын қолданады» №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1029 бұйрығы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: