Рамазанға дайындық: темекі шексеңіз де ораза ұстауға ниеттеніп жүрсеңіз...

Рамазанға дайындық: темекі шексеңіз де ораза ұстауға ниеттеніп жүрсеңіз...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айына 14 күн қалды.

Адам баласы қанша мінсіз боламын десе де оның физикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ, рухани тұрғыдан кері әсерін тигізетін жаман әдеттері де қоса жүреді. Біреу күні бойы әлеуметтік желілерде отырса, енді біреу таң атқаннан кеш батқанша тамақ жеуден аузы бір босамай жүреді; біреулерге өсек-аяң мен ғайбат айту қалыпты құбылыс болып саналса, ал енді біреулер темекі шегу мен ішімдік ішу сияқты жаман әдеттерден құтыла алмай жүреді.

Рамазан айы тек ас-судан ғана тыйылу екенін аз айтпаймыз. Қасиетті айда мүміндер өздерінің жаман әдеттерінен бас тартып, мінез-құлықтарын жақсартуға әрі тақуалығын нығайтуға тырысуы керек. Темекі шегу мен ғайбат айту сияқты жаман әдеттер біздің оразамыздың қабыл болуын күмәнға қалдыруы мүмкін. Сол себепті егер Рамазан айы тек ашығу айына айналмасын десек, онда бүгіннен бастап оразаға тиянақты түрде дайындығымызды бастауымыз қажет.

Осы арада айта кетер бір жайт – жаман әдеттерден құтылу бір-екі күннің ісі емес, оған бірнеше күндер, тіпті апталар кетуі мүмкін. Негізі, адамның жаңа мұрат-мақсатқа әдеттенуі үшін шамамен үш ай, ал кейде одан да ұзақ уақыты кетеді. Сондықтан сізді ұзақ та қиын  жолдың күтіп тұрғанына әуел бастан дайын болыңыз.  Тек сізде шынайы ниет болуы тиіс.

Сол себепті, ең алдымен, өзіңізде жаман әдеттердің бар екенін мойындауыңыз керек. Осы үшін өзіңізді жәбірлеп, кінәлаудың қажеті жоқ. Әр адамның өзіне тән жаман қасиеті бар, бірақ әркім мұны мойындап, өзін өзгерте алмайтынын біліңіз. Жаман әдеттен құтылуға ниет еткеніңіздің өзі мақтауға лайық амал.

Есіңізде болсын, Алла Тағала өзгеруге тырысатындарды жақсы көреді.  Хадистердің бірінде былай айтылған: «Менің жанымның Иесімен ант етемін, егер сендер күнә жасамасаңдар, Алла сендерді құртып жіберіп, күнә жасап, тәубесіне келетін адамдарға ауыстыратын еді» (Мүслим). Алла Тағаладан кешірім мен көмек сұраңыз! Сіздің әрбір амалыңыз, ісіңіз тек Алланың мейірімінен үміт ету үшін жасалуы керек.

Қасиетті Құранда былай айтылған: «...Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады...» (65:2-3).

Жаман әдеттерінен құтылғысы келген адам, өзінің амалдарын нендей іспен алмастырарын білмей есі шығады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз + былай айтқан: «Қай жерде болсаңдар да Алладан қорқыңдар, жаман амалдарыңды күнәні жуып-шайып кететін жақсы амалдарға айырбастаңдар да адамдармен жақсы қарым-қатынаста болыңдар» (Тирмизи).

Ендеше, жаман әдеттерімізді жақсы амалдарға ауыстыруға талпынайық. Мысалы үшін, көбірек Құран оқып, нәпіл намаздар оқиық, спортпен айналысайық, туған-туыстарымызбен көбірек уақыт өткізуге тырысайық.

Дос-жолдастарымыздың қолдауына жүгінейік. Өзіміздің араласып жүрген адамдарымызбен қарым-қатынасымызды үзуге тура келеді, өйткені маңайымыздағы адамдардың біздің өмір салтымызға қатты әсер ететіні белгілі. Осы арада мына бір хадисті айта кетуді жөн көрдік:

«Жақсы дос пен жаман дос хош иістер сатушы мен ұста сияқты. Хош иістер сатушы сізге әтір сыйлауы мүмкін немесе өзіңіз сатып алуыңыз мүмкін, тіпті түк алмасаңыз да аңқып тұрған жұпар иісті сезінетін боласыз. Ал ұстаға келер болсақ, сіз киіміңізді былған не болмаса күйдіріп алуыңыз мүмкін әрі пештің түтінін жұтатын боласыз» (Сахих Бұхари, Мүслим).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: