Жамағат мәйітті жуу, кебіндеу, орау әдебін үйренді

Жамағат мәйітті жуу, кебіндеу, орау әдебін үйренді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде жамағатқа мәйітті жуындыру, кебіндеу, орау әдептері көрсетілді. Әрбір мұсылман үшін керекті дүниелердің бірі - қайтыс болған адамды ғұсылдандырып, кебіндеу.

Адам қандай жағдайда дүние салары бір Алланың қолында, кейде ерді я әйелін жуындыратын адам табылмай жатқанда жақындарының кебіндеу жайлы білгені нұр үстіне нұр болмақ.​ 

Көпшілікке​ жаназа рәсімдері жайлы мағлұматқа толы өткен тренингті мешіттің наиб имамдары Әбжаппар Әмір мен Бахтияр Аміреев жүргізді.

Оның әдісі, тәртібі түсіндіріліп, шариғи шарттары айтылды. Тұңғыш рет өткен ерекше кеш тек теориялық емес практикалық сауаттың дамуына үлкен үлес болды. Жамағат мұндай жиынның жиі өтуіне қолдау көрсетіп, разылық білдірді.

​ Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: