ЖОО-ның студенттері медреседе дәріс тыңдады

ЖОО-ның студенттері медреседе дәріс тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешіті мен медресесінде қос бірдей ерекше жүздесу орын алды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ақпараттық технология, Автоматика және телекоммуникация факультетінің студенттері философия ғылымдарының кандидаты доцент Мейірхан Спанов, аға оқытушы философ Гүлнар Туленова, аға оқытушы, саясаттанушы Гүлнар Еменованың бастамасымен мешіт пен медресеге арнайы келіп, оқу жоспары бойынша теолог, ұстаздармен кездесіп, дәріс өтті. 

«Һибатулла Тарази» медресесінің директорының орынбасары, ұстаз Нұралы Бақытұлы мен медресе ұстаздары Наркес Бұханов,  Амангелді Ембергенов жоғарғы оқу орнының студенттеріне «Ислам дінінің негізгі бағыттары мен мазһабтары» тақырыбында сабақ жүргізіп, аға оқытушылар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Кездесу алдымен мешітте орын алса, келесі күні медреседе семинар форматында жүргізілді. 

Неліктен дін төрт мазһабқа бөлінген? Ахли сүннаның сенім ғалымдары кімдер? Не себептен Орта Азияда ханафи мазхабын ұстану міндетті? Сопылық дегеніміз не, сынды сұрақтарға діни оқу орнының мамандары мардымды, анық мысалдар келтіре отырып, оқырман қауымға жеткізді.

Айта кету керек, аталған дәріске осы медресенің шәкірттері де қатысқан болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: