Сауд елшісі Алланың атымен ант берді

Сауд елшісі Алланың атымен ант берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Саудиялық елші ханшайым Рима бинт Бандар бин Сұлтан Сауд Арабиясының АҚШ-тағы уәкілетті елшісі қызметіне ресми түрде кірісіп, дипломатия тарихына енді. Бұл туралы Ansar.ru сайты ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ол Рияд қаласында корол Салман бен Әбдел Әзиздің алдында ант беріп, Сауд Арабиясының тұңғыш әйел елшісі атанды.

«Мен Алланың атымен дініме, патшама және еліме адал болуға ант беремін. Мемлекет құпияларын жарияламауға, корольдік мүдделері мен елдің заңдарын сақтауға серт етемін, өз міндетімді адал, шынайы орындаймын» деді елші.

Рима бинт Бандар жас кезінде АҚШ-та бірнеше жыл тұрған. Оның әкесі ханзада Бандар бин Султан Құрама штатта Сауд Арабиясы елшісі қызметін атқарған. Рима Джордж Вашингтон университетінің музей факультетін оқыған. Ол бұған дейін Спорт істері басқармасында қызмет еткен. 2014 жылы Forbes журналында Рима Таяу Шығыстағы ықпалды әйелдер рейтингінде көш бастап тұр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: