Халал туризм бойынша көш бастаған ел

Халал туризм бойынша көш бастаған ел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Индонезия және Малайзия ислами туризм рейтингісінде көш бастады. Бұл жайында Mastercard-CrescentRating ұйымы жария еткен GlobalMuslimTravelIndex (GMTI)-2019 зерттеу нәтижесінде айтылған. Өткен жылы Индонезия екінші орыннан көрінсе, бірінші орында Малайзия тұр. Биыл екі ел 78 балмен аталмыш индекстің бірінші орнын бөліскен екен.

Ал үшінші орынға Түркия жайғасқан, төртінші орынға Саудия табан тіреген. Бесінші орынды Біріккен Араб Әмірлігі місе тұтқан. CrescentRating жетекшісі Фазал Баһардиннің сөзіне сенсек, Индонезия мұсылман туристерді тарту үшін мұсылман саяхатшыларына қолайлы инфрақұрылымды жолға қою арқылы осындай жетістікке жеткен. 

Mastercard-CrescentRating-тің есебі бойынша өткен жылы 140 млн мұсылман әлемнің әр түкпірінде саяхаттаған. Олардың 2,6 млн-ы Индонезияға сапар жасаған. 

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: