Әрбір жақсылық – садақа

Әрбір жақсылық – садақа

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Жаңатас қаласы Сарысу аудандық "Әбу Бәкір Сыддық" мешітінде Наурыз мейрамына орай, Әйел-қыздар жамағаты және мешіт шәкірттерінің қатысуымен "Әрбір жақсылық -садақа" тақырыбында рухани уағыз- насихат жиыны өткізілді.

Шәкірттерге Алла разылығы үшін жасалған әрбір жақсылықтың мол сауабы бар екенін түсіндіру максатымен алды -ала жария етілген аталған тақырыпта шығармашылық байқау өтті.

Шәкірттер бұл байқауға белсенді қатысып, үздік шығарма иелері және барлық қатысушылар арнайы марапатталып, сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, жамағат дастарханда бас қосып, үлкен апалар дұға-тілек, баталарын беріп, әйел – қыздар жамағаты бір–бірімен жақын танысты.

 Мадина Қалқаманова

Сарысу аудандық мешітінің ұстазы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: