Шариғаттағы "Отанды қорғау" ұғымы түсіндірілді

Шариғаттағы "Отанды қорғау" ұғымы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл «Дін және жастар» жылы аясында Көгершін әкімшілігінде еркін тақырыпта мектеп  оқушыларымен кездесу өткізілді.

Шара барысында Көгершін ауылының имамы  Қайрат Ерметов: «Асыл дініміз Исламда да отансүйгіштікке, туған еліңді қадірлеуге айырықша мән берген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Отаныңды, яғни тарихи мекеніңді сыртқы дұшпаннан қорғаудың қаншалықты сауап екендігі жайында бірнеше хадистер қалдырған. Бірде бір сахаба Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Я, Расулаллаһ! Ең абзал амал не?» - деп сұрағанда Алла елшісі (с.ғ.с): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», - депті». Иманды жандар, жүрегі түзу мұсылмандар өзінің отанын қастерлеп, өзінің отанын қорғап, отанын сүю киелі ұғым екенін білуі керек»,- деді бас имам өз сөзінде.

Өз кезегінде қатысушылар сауалдарын қойып, жауап алды.

 Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: