Өкіл имам қала имамдарына қалалық бас имамды таныстырды

Өкіл имам қала имамдарына қалалық бас имамды таныстырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлының қатысуымен жиналыс өтті. Қанат Әділханұлы Тараз қаласының  бас имамы қызметіне тағайындалған Ғазиз Нұртайұлын қалалық имамдарға таныстырып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Жиналыста «Наурыз» мерекесін ұйымдастыру, облыс көлемінде өтетін ерлер арасындағы Құран жарысына дайындық, мешіт тазалығы мен сенбіліктер, ҚМДБ-ның жастар ісі секторы бекіткен  жылдық іс-шаралар жоспары, Рамазан айына дайындық тақырыптары қаралды.

Сондай-ақ, имамдар ойларын ортаға салып, кеңесу нәтижесінде біраз мәселелер шешімін тапты.  Өкіл имам қала имамдарын іс-шараларға үнемі ат салысуға шақырды.

Жиналыс соңында көпшілік Ғазиз Нұртайұлының жаңа қызметіне береке мен сәттілік тілеп, бата берді.

 «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: