Өрт сөндіру қызметкерлерімен діни жүздесу өтті

Өрт сөндіру қызметкерлерімен діни жүздесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін  Т.Рысқұлов ауданы қарасты өрт сөндіру қызметкерлерімен басқосу болып өтті. Кездесуге аудандық мешітінің наиб имамы Фархат Бектасұлы қатысты.

Өз кезегінде жиналған қызметкерлерге Діни экстремизм мен терроризм қауіпіне қарсы тұру мәселелері бойынша Елнұр Әскенұлы баяндады. Ол діни экстремизмнің қай аймақта болмасын (Қазақстан бойынша) таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтті.

"Ең алдымен бұл - діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Бұл жерде Абайдың иманды «якини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы әлі күнге өзектілігін байқатуда. Мұның алғашқысы танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын шын иман. Екіншісі «өзі ештеңені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным» – бұл қазіргі қоғамға тән, діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр" - дейді дін мамандары жиында.

 Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: