Өмірде қалай жеңіске жетеміз?

Өмірде қалай жеңіске жетеміз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің күнінде бақташы болыпты. Оның басында жалғыз есегі бар еді. Сол есегі бір күні жолда келе жатып, шұңқырға құлап кетеді. Мұны білген бақташы дереу жүгіріп келіп, есекті құтқарудың амалын ойлайды.

Алайда, ол іштей: — Мен бұл есекті не істеймін. Өзі болса біраз жасқа жетіп қалды. Жақында басқа есек алайын деп жатырмын. Ал, мынадан осы бойы құтылғаным дұрыс болар. Жатқан жерінде көме салайын, деп үйіндегі бауырларын көмекке шақырады.

Барлығы күректерін алып, әлгі шұңқырды көме бастайды. Есек мән-жайды түсініп, аяққа тұрып, әрбір тастаған топырақты таптап жатады. Содан біршама уақыттан кейін топырақтар көбейіп есек жоғары шығады да шұңқырдан секіріп құтылады. Мұны көрген бақташы таң қалып, басып сипап қалған екен.

Түйін: Өмірде де дәл осылай. Біздерге қарсы көптеген лас заттар мен дүниелерге тасталады. Солардың барлығына қолды сілтеп, мұңаймай жоғары ұмтылуды доғармау керек. Сонда ғана жеңіске жетеріміз анық.

Жалғас АСХАТҰЛЫ

дінтанушы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: