Періштелер Алланы көре ме?

Періштелер Алланы көре ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла Тағаланы адам баласы көрмегендей, бірде-бір періште де Оны көрген емес. Жаратушының ұлылығын жасырып тұрушы шымылдық Оның жүзін періштелерден де жасырып тұрады.

Хадистердің бірінде былай айтылған:

«Алланың шымылдығы нұр болып табылады. Егер Ол оны көтерсе, Оның жүзі күллі жаратылғанды күл етіп жіберетін еді» (Мүслим, Иман, 293).

Бұл хадис періштелердің ешқашан Алланы көрмегендігіне дәлел болып табылады. Көптеген ғалымдардың пікірінше, ақиретте адамдар, жындар мен періштелер Алла Тағаланы көре алады. Бұл жөнінде Алла Тағала Құранда былай айтқан:

«Сондай Аршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: “Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!”- (деп тілейді)»» (40:7).

Аталмыш аят та періштелердің Алланы көрмегендігіне дәлел болып табылады, яғни, періштелер де адамдар сияқты Алла Тағаланы көрмей, Оған иман келтіруші жаратылғандар.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: