Ережеп айындағы ораза ұстау...

Ережеп айындағы ораза ұстау...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза – құлшылықтың бір түрі, адам баласы ораза ұстау арқылы таң атқаннан күн ұясына батқанша тек ас-су ішуден, жыныстық қатынасқа түсуден ғана бас тартпайды, сондай-ақ, күллі дене-мүшелерін күнәлы істерден сақтайды. Құлшылықтың бұл түрі мүмінді періштелердің деңгейіне дейін көтереді.

Негізі, мұсылмандар жыл бойы ораза ұстап шығады. Ораза ұстау арқылы мүмін иманын нығайтады, бұл дүниеге бой алдырмай, өз істері мен ойларын тек Алла Тағалаға ғана арнайтын болады.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) Ережеп айында мұсылмандар ораза ұстасын не болмаса ораза ұстамасын деген сенімді хадистері келтірілмеген.

Әбу Дәудтің хадистер кітабында келтірілгендей, Алла Елшісі (ﷺ) қасиетті төрт айда ораза ұстауды ұсынған, сол айлардың ішінде Ережеп айы да бар.

Ал Шағбан айына келер болсақ, бұл айда ораза ұстау туралы айтылған сенімді хадистер келтірілген. Мысалы, Айша анамыз (р.а.) былай айтқан:

«Кейде Алла Елшісінің көп ораза ұстайтыны сондай, біз ол оразасын үзбейді деп айтатынбыз, ал кейде ол ұзақ уақыт ораза ұстамай жүргендіктен, ол мүлде ораза ұстамайды деп айтатынбыз. Рамазан айын есептемегенде басқа ай бойы ораза ұстағанын көрген емеспін әрі басқа айларға қарағанда, оның Шағбан айында көбірек ораза ұстайтынын көретінмін» (Мүслим).

Осы айларда ораза ұстау адамның өзіне әрі оның иманының қаншалықты мықты екендігіне байланысты.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Сендер өз әлдерің келетін нәрселерді ғана жасауларың керек! Алламен ант етемін, сол амалдарды жасап шаршамағандарыңша, Алла сендерге сый нәсіп етуден шаршамайды» (Бұхари, Мүслим).

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Алла алдында ең сүйікті болып табылатын амалдар - кіші-гірім болса да ұдайы жасалынатындары» (Мүслим). Демек, қасиетті Рамазан айынан басқа кезде, жыл он екі ай Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннетіне сай дүйсенбі және бейсенбі күндері ұдайы ораза ұстау – бізді Алла Тағалаға бір қадам болсын жақындататын амалдардан болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: