Жаназа және діни бірізділік мәселелері талқыланды

Жаназа және діни бірізділік мәселелері талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық мешіттен бастама алған «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері»  атты іс-шараны, аталмыш жиындағы мәселелерді қолдау мақсатында Қордай аудандық мешітінде алқалы жиын өтті. Жиынға аудан бойынша қызмет атқарып жүрген имам-молдалар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, беделді ақсақалдар және ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.

2018 жылы аудандық әкімшілікте өткен жиында осы мәселе бойынша  қабылданған қарардың іске асыру барысы талқыланып, жаназа рәсімдерінде ысырапшылдықтан тию, діни рәсімдерді бірізділікке түсіру жұмыстарын жаңа қарқынмен жандандыру, бейіттердегі құлпытастарды бір үлгіге келтіріп,  мазарларды қоршау мәселелеріде қарастырылды. Қатысушылар облыстық мешіттегі жиында қабылданған  шешімдерді бір ауыздан қабылдап, сөзден іске кірісу жолдарын талқыға салды.

Аудан ақсақалдары, аудандық «Қордай» мешіті жергілікті БАҚ беттеріне «жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша түсіндірме жүргізу қажеттігі айтылып, ұсыныс ішкі саясат бөлімінің қолдауын тапты. «Қордай шамшырағы» газетінде аудан имамдары мен аудан ақсақалдары атына ауданның мұсылман жұртына ашық хат әзірленіп, бірауыздан қолдау тауып, БАҚ бетіне басуға жіберілді. Осылайша, сауапты іс Қордай жұртшылығына жол тартты. Жиынға қатысушыларға  «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітаптың бір данасынан сыйға тартылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: