БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖАМАҒАТ

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖАМАҒАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылы «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаевтың ұйымдастыруымен Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы  Рамиз қажы Азизовтың ұйытқы болуымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты айлық дастархан жайылды.

Уағыз дастарханына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, Байзақ ауданына қарасты ауыл имам- молдалары қатысты. Қанат Әділханұлы жамағатқа бірлік турасында, адам баласының бір-біріне қайырымды болуға және жағдайы төмен отбасыларға қарайласу турасында, мешітке көмек берудің пайдасы мен сауабы жайлы насихат айтты.

Жиын соңында «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаевтың ұйымдастыруымен «Жан жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы жалғасын тауып үш отбасыға арналған азық-түлікті Қанат Әділханұлы  арнайы табыстады. «Қалмұрат баба» мешітінің жамағаты облыстың бас иманына қазақи дәстүрге сай иығына шапан жапса, ақсақалдарымыз бата берді.

 «Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: