Медресе ұстаздарының мәжілісі өтті

Медресе ұстаздарының мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім алу – әрбір мұсылманға парыз. Еліміздің болашағы болған жастарға сапалы да, жан-жақты бәсекеге қабілетті білім беруде ұстаздардың орны ерең. Жаңа заманауи талаптарға сай, оқу методикасы да жыл сайын дамып, дін мамандарына деген сұраныс артып келеді. Осы дін саласындағы мамандарды даярлайтын мекеме Тараз қаласында орналасқан орталық «Һибатулла Тарази» медресесі.

Хабарлағанымыздай, медресеге сайланған жаңа директор Қанат Жұмағұл оқу орнының ұстаздарымен кеңес өткізді. Ол мәжіліс барысында білім ордасының хал-ахуалы, білім деңгейімен және ұстаздармен танысты.

Ғимарат, асхана бөлімі, жатақхана, білім сапасы, шәкірттер саны, тағы басқа мәселелер турасында сөз қозғалып, жаңа бастама көтерген басшы баршаны белсенділікке шақырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: