Әлем бойынша кедейлер қарасы ең көп азайып келе жатқан ел

Әлем бойынша кедейлер қарасы ең көп азайып келе жатқан ел

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Соңғы алты жыл ішінде Қытай 82,39 млн тұрғынын кедейлік қамытынан құтқарған. Олардың дені ауылдық жерлде тұрады. Осыған байланысты 2012 жылы 98,99 млн кедей тұрғыннан 2018 жылы 16,6 млн адам қалған.

Бұл жайында Қытайдың мемлекеттік кеңес жанындағы кедейлікпен күрес және даму жөніндегі жұмысшы тобы жетекшісінің орынбасары Оу Цинпин мәлім етті. Қытай билігі кедейлікпен күрестің маңызын жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күрестен кем көрмейді. Олардың стратегиялық жағынан ұтқан тұсы осында. Осыған байланысты аталмыш ел билігі 2020 жылы ел аумағында бірде-бір кедей қалдырмауға бекінген.

Бұл жайында қытайлардың Синьхуа ақпарат агенттігі хабар таратты. Яғни, аталған мерзім аралығында, дәлірегі, айналдырған алты жыл ішінде Қытайдағы кедей тұрғындар үлесі 10,2%-дан 1,8%-ға дейін азайған. Биыл, яғни, 2019 жылы қытай билігі 10 млн адамды кедейлік қамытынан құтқаруды өзінің алдына міндет етіп қойды. 

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: