Австралия тұрғындары млрд ағаш отырғызады

Австралия тұрғындары млрд ағаш отырғызады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австралияда жаһандық жылыну мен оның салдарынан орын алған климаттық өзгеріске қарсы жалпы ұлттық науқан өтеді - бір миллиард ағаш отырғызылатын болды. Осылайша аталмыш ел Париж келісіміне өз үлестерін қоспақ.

Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Бұл ауқымды жоба 2050 жылға дейін созылады. Бұл бастама өз кезегінде 2030 жылға дейін 18 млн тонна парникті газды жоюға көмектеседі. Regional Forestry Hubs деп аталатын жоспар Австралияның экономикасына 16,4 миллиард доллар табыс әкелетін секторда жұмыс ұсынады.

Бұл туралы аталмыш елдің премьер-министрі Скотт Моррисон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне мәлімдеді. Айта кетсек, Австралия әлемде орман алқабы бойынша жетінші орында тұр, олар аумақтың 17 пайызын алады.

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: