Шетел әншісі мешітке келді

Шетел әншісі мешітке келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Америкалық әнші Камила Кабельо әлеуметтік желіде әлемдегі ең әдемі мешіттердің біріне келгендегі әсерімен бөлісті, деп жазады IslamNews.

Камила Кабельо Біріккен араб әмірлігінің Абу-Даби қаласына жасаған сапарында шейх Зайд мешітінде болған. Латынамерикандық әнші мешіт ауласына келгенде басына орамал тағып суретке түскен екен.

«Мен мешітке сый-құрмет ретінде хижаб кидім. Осындағы дүкеннің бірінде бір әдемі қыз маған оны киюге көмектесті. Біз ортақ тілде сөйлесе алмадық, алайда ол маған сондай жылы жүзбен қарады, тіптен жақын құрбымдай көрінді. Мен бұл әсерімді сөзбен суреттеп бере алмаймын. Бірақ бұл тәжірибе маған ерекше сезім сыйлады. Адамдарға жақын болу және жақсы көруді үйрендім» дейді әнші өзінің Instagram парақшасында.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: