ДІН АТЫН ЖАМЫЛҒАН ЖАТ АҒЫМДАР

ДІН АТЫН ЖАМЫЛҒАН ЖАТ АҒЫМДАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жәми» мешітінде жұма намазында бас имам Қуат қажы Дүйсенбайұлы «Дін атын жамылған жат ағымдар» тақырыбында уағыз жүргізді.

ҚМДБ-ның бекіткен уағыз тақырыбы бойынша жиналған жамағатқа Ислам дінінің құндылықтарын айта келе, Исламның атын желек етіп, ой санасы қалыптасып, көзқарасы тұрақтап үлгермеген азамттарды жолдан тайдыры, еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төндіру – келешегімізге қол салғысы келетін теріс ойлы болудан сақтану керек екендігін айтты.

Сақтанудың бірден-бір жолы ол, діни ілімнің іргетасын мықтап қалап, сондай-ақ білімді жергілікті мешіт ұстаздарынан біліммен сусындап еліміздің облыс орталықтарында медреселерден алу керектігін жеткізді. Ислам қоғамның тұтастығын сақтаушы, ауызбірлік-ынтымаққа шақырушы дін екенін уағыздады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен, мемлекетіміздің қолдауымен қаңтар айының 5-6 жұлдызында «ЖУСАН» операциясы өткенін мәлімдеп, жиналған жамағатқа өткен операцияны түсіндіріп Сириядан қайтарып алып келген 47 адамның оралуының  видео ролигін көрсетіп, сондай-ақ қайтып келген қандастарымыздың өкініштерін роликтен тамашалады.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: