Бұл күнə үлкен бе əлде кіші ме?

Бұл күнə үлкен бе əлде кіші ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хəким әл-Уммат, Хазірет Əшраф Əли Таханауи, қуддиса сирруһ, айтады: 

"Адамдар өте қызығушылықпен "пəлен үлкен күнə ма əлде мынау одан үлкенірек пе?", - деп сұрайды. Сұрауынан мақсаттары - егер ол кішірек күнə болса, істеп алайық немесе үлкен болса қорқу сезімін сезейік дейді". Хазрет бізге солай айтқан, үлкен жəне кіші күнəнің мысалы - кіші жəне үлкен шоқтай. Сіз ешқашан кішкентай шоқты "ол кішкентай-ақ қой" деп сандықта сақтайтын адамды көрген емессіз. Ешқандай ақылды кісі мұндай іске бармайды. Себебі, шоқ қанша кіші болса да, ол үлкен отқа айналады жəне сандықтағы басқа заттың бəрін түгел өртеп жібереді. Тіпті, бір бүтін үйді де өртеп жіберуге қауқарлы отқа айналуы мүмкін.

Күнəнің ахуалы да дəл солай. От үлкен болсын, кіші болсын, ол - от. Егер сіз бір кішкентай күнə істесеңіз, бүкіл өміріңіздің быт-шытын шығаратын күнəға айналып кетуі мүмкін. Сол үшін, ешқашан "бұл үлкен күнə ма, əлде кіші күнə ма" деген ойға бармаңыз. Бəлки, "бұл күнə ма, күнə емес па? Рұқсат па, рұқсат емес па?" деп ойлаңыз. Алла бұған разы бола ма, разы болмай ма? Соған мəн беріңіз.

Егер, бұл істің Алла тарапынан тыйым салынғандығы белгілі болса, онда Алланың алдындағы жауапкершілік сезімін оятқанша, Алланың алдына қалай баратындығы жайлы ойласын. Егер, пенде жүрегінде күнəға еру сезімі пайда болса, онда ертең Алланың алдында тұратынын ойласын жəне сол арқылы күнəні тəрк етсін".

Автор: Муфти Мухаммад Тақи Усмани
Кітап: “Ислəһи Хутбаат” 8/150

Аударған: darulahnaf.com

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: