97 жасында жүргізуші куәлігін алды

97 жасында жүргізуші куәлігін алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубайда үндістандық Техемтен Хоми Дхунджибой Мета 97 жасында көлік жүргізуші куәлігін жаңартты. Айта кету керек, көлік жүргізуде мол тәжірибесі бар қария өзі көлікке отыруға асықпайды. Айтуынша, көлікпен жүру адамды жалқау қылады.

Ол қалада 2004 жылдан бері тек қана қоғамдық көлікпен жүреді. Күн сайынғы жаяу жүруі өзінің ұзақ өмір сүруіне әсер етті деп санайды қария.

Еске салсақ, жуырда көлік айдаудан Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның 97 жастағы күйеуі ханзада Филип те бас тартқан болатын. Ханзада бұл шешімге корольдік Сандрингем ауласына жақын маңда жол көлік оқиғасына душар болғаннан кейін келген.


 

Алла Тағала Құран Кәрімде: Уа, адамдар! Тақуалыққа қол жеткізу үшін өздеріңді әрі өздеріңнен бұрынғыларды жоқтан жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер.(Бақара сүресі, 21)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: