Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым» деп ойлай ма?

Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым» деп ойлай ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдегі кез келген нәрсе белгілі бір мақсатпен, арнайы хикметпен жаратылған. Әрбір жаратылыстың өзіндік мән-мағынасы, міндеті бар.

Күллі жаратылыс Ұлы Жаратушының барлығын, бір екендігін білдіретін үлкен кітап дедік. Ұлы Иеміз бұл алып кітапты адам оқысын, оқып Өзінің құдіретіне, шеберлігіне таң қалып, мақтау айтсын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жазған.

Түсірілген Құран да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі, қорытындысы, мазмұны іспетті. Бұл ғалам атты алып кітаптағы әр нәрсе – мағыналы бір сөз, бір сөйлем, тіпті бір кітап. Әрі Ұлы Жаратушымыз осы алып кітапты адамның игілігіне, қызметіне берген.

Жерден неше есе үлкен Күн де, су да, ну орман да, өсімдік те, жан-жануар да бәрі-бәрі «ләббайк» деп адам баласына қызмет етуде. Жалпы әлем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы әлемнің ішінде адамның орны мүлдем ерекше. Өйткені жер бетіндегі жалғыз саналы тіршілік иесі – адам.

Ал енді Ұлы Жаратушымыздың барлық дүниені адам үшін жаратып, ал адамды бостан-босқа, еш мақсатсыз жаратып, мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентей араны да мағына, мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы – Хаким Иеміздің адам баласын бостан-босқа мақсатсыз жаратып, мәңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде мүмкін емес.

Құранда «Әл-Мүминун» сүресінде: «Біз сендерді бостан-босқа жараттық, әрі өздерің де Бізге кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» - делінсе, «Қиямәт» сүресінде: «Адам баласы (еш сұрақ алынбастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма?» - делінеді.

"Имани гүл" кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: