Әскери бөлімде кездесу өтті

Әскери бөлімде кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отанымыздың байтақ шекарсын күзетіп жүрген сарбаздарға дініміз ислам қашанда құрметпен қараған. Бүгін Т.Рысқұлов  ауданына қарасты әскери бөлімде кездесу болып өтті. Жиынға Полиция қызметкерлері, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері  және әскери бөлімде басшылары қатысты.

Бас имам: "Отанды қорғау - иманнан» тәмсіліне сүйене отырып, ел іргесінің берік, қоғамның тыныш, бейбіт те берекелі күн кешуі ауызбіршілікте екенін жеткізді. Қазіргі уақытта дінді дүдамал ағымның айтуымен ұғынатын кейбір жастардың Отан алдындағы борышты қорғаудан,  қала берді азаматтық міндеттен бас тартуы мұсылманға тән сипат еместігін айтып, Отан мен иман арасы ажырамастай ұғым"- деді.

 Әбілда Мейірханов

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: