Жамбыл облысының өкіл имамы жаңа қызметке ауысты.

Жамбыл облысының өкіл имамы жаңа қызметке ауысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін саласы рухы мұсылман халық үшін аса маңызды әрі нәзік бағыт. Осы жолда қызмет жасап жүрген мамандардың еңбегі ерең деп айтсақ әбден лайықты.

Бұл тұста облыс үшін биылғы жылдың айтарлық жаңалығы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілінің ауысуымен басталмақ.

Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы және «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры, аталған облыстың өкіл имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Алматы қаласы Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Данияр қажы Жұмабаевтың Жамбыл облысының дін саласында атқарған еңбегі, білім саласына қосқан үлесі, ұжыммен жұдырықтай жұмылып жеткен жетістіктері ауыз толтырарлық.   

Білікті маман Өзбекстанның Әндижан қаласындағы «Саид Мұхиддин Махдум» медресесін «имам хатиб және ұстаз» мамандығын бойынша, Пәкістан Ислам республикасы, Исламабад қаласындағы қарилар даярлайтын мектепті тәмәмдаған, Алматы қаласы, «Шет тілдер және карьера» университетінің магистрі.

Еңбек жолын Алматы орталық мешітінде азаншы болып бастаған Данияр қари Алматы орталық мешітінің найб имамы, ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімдерін жетілдіру Ислам институтында Құран және тәжуид сабақтарынан сабақ берген. Сонымен қатар, Алматы орталық мешітіне қарасты қарилар даярлайтын мектептің жетекші ұстазы қызметтерін де атқарған.

Малайзияда, Ливияда Құранды мәнерлеп жатқа айтудан өткен жарыстарға қатысқан Данияр Әлимұхамедұлы өз кезегінде Үндістанда өткен дүниежүзілік Құранды жатқа қырағаттап оқу сайысында ІІ-орынды да иеленген. 

Бүгінде Данияр қажы Жұмабаевтың жаңа ұжыммен жаңа жетістіктерге жететініне сөзсіз сенім білдірген әріптестері толағай табыс пен береке тілеп, Жамбыл облысының дін мамандары өз құттықтауларын жеткізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: