Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің

Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абайша айтқанда "кәрі құдаң–қыс келіп, әлекке салды" демекші, қыстың күні әлеуметтік аз қамтылған отбасылар отын, азық-түлік тапшылығынан әлекке түсетіні баршамызға мәлім.

Бұл жағдаяттарды ескере отырып, Қордай ауданында қыс мезгілінде қайырымдылық жұмыстарды бәсеңдетпеу қолға алынған. Осы мақсатта Отар ауылының «Атамқұл» мешітінің еріктілер тобы бас қосып, 5 отбасыға азық-түлік жиынтықтарын және 14 үйге 10 мүшектен көмір таратты.

Игі бастаманың бас қасында жүрген «Атамқұл» мешітінің имамы Н.Шакировқа  көмек алушылар алғыстарын, ақ тілектерін білдіріп жатты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: