ТАРАЗДА ТЕГІН КИІМ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

ТАРАЗДА ТЕГІН КИІМ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранда: «Мал-мүліктерінен күндіз-түні, жасырын немесе ашық садақа беретіндердің сауабы Алланың құзырында дайын. Оларға қауіп-қатер, қайғы болмайды» (2.Бақара-274) – деп айтылған.

Осы ниетпен «Құлбай-баба» мешітінің имамы Талғат Асанұлы «Умка» сауда орталығымен бірлесе отырып, қаламыздағы мұқтаж отбасыларға киюге жарамды киімдерді тегін қабылдап, жағдайы төмен көп балалы отбасыларға тегін тарату акциясы қолға алынды. Бұған дейін де демеушілер көмегімен көмір және азық-түлік тарату қайырымдылық іс-шаралары жасалған болатын.

Қайырымдылыққа ат салысамын деген еріктілерге киім өткізу шарттары: киюге жарамды болу, жуылған, таза және бүктелген болуы қажет. "Алла қаласа келешекте тегін азық-түлік тарату да жоспарлануда" - дейді дін мамандары.

Алла демеушілер мен ұйымдастырушыларға разы болып, мол сауаптар нәсіп етсін!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (7)

Оқи отырыңыз: