Иманды мызғымастай ететін 6 амал

Иманды мызғымастай ететін 6 амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала жаратқан пендесінің жүрегіне  ұялатқан ең қымбат, ең асыл нәрсе - иман. Дәл осы иман нұрының  арқасында адам баласы өмірдің небір қиын, небір түнек жерлерінен сүрінбей өтіп, Алла Тағала алдындағы абыройын жоғалтпайды. Тек иманның арқасында ғана адамның дәрежесі көтеріледі. Өмір бойы мүмін  иманын көзінің қарашығындай сақтап, оны нығайтып, Алла Тағалаға бір қадам болсын жақындай түседі.

 Иманды нығайту – Алла Тағаламен қарым-қатынасты нығайту, ниетпен, әрекетпен Алланың разылығын алуға тырысу. Әрбір біздің жасаған жақсылығымыз бізді Аллаға жақындатып, біздің иманымызды қорғап, оны нығайтып, мызғымастай етеді.

Иманның негізі – Алла Тағаламен байланыс әрі Алла бұйырған міндетті құлшылықтарды орындау.  Намаз - ең жақсы амал, сәждеде жатқан кезінде адам Жаратушыға жақын болады. «Екіжүзділер үшін ең ауыр тиетіні – құптан мен таң намаздары. Егер олар неден құр қалғандарын білсе, тізерлеп, еңбектесе де келіп оқыр еді» (Әл-Бұхари, Мүслим).

Алланың Сөзін, ұйғарымдарын, тыйым салғандарын тыңдау әрі Оның өсиеттерін танып-білу арқылы біз Аллаға анағұрлым жақындай түсеміз. Құранды оқу иманымызды нығайтады.

«Негізінде осы Құран ең тура жолға салады» (17:9).

Бұл баянсыз дүние мәңгілік емес, күндердің күнінде әркімнің де демі таусылып, уақыты бітер күн келеді. Сол кезде біздің жиып-тергенімізге байланысты алдымыздан мәңгілік бақыт немесе азап пен қасірет есігі айқара ашылатын болады. Үнемі ақиқатты және есеп беретін күнді естен шығармау мүмінді бір сәтке болсын босаңсытпайды әрі Алладан алыстап кетуге мұршат бермейді. Жұмақ, Тозақ, үміт пен үрей – мүмінді күшті ететін амалдарға жетелейді.  

Алланы ойлау, үнемі Жаратушыны естен шығармау, Оған жалбарыну – міне, мүміннің күші осында әрі жан тыныштығы да осында. 

Бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар» (13:28).

«Сендерден біреулеріңе өлім келіп: “Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам” деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар» (63:10).

«Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. Оны ертелі-кеш пәктеңдер» (33:41–42).

«(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (2:186).

Тек хақ ілім ғана біртіндеп бізді Аллаға, Оның дінін нығайтуға әрі өз құлшылығымызда тұрақты болуға жетелейді. «(Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір ақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды» (22:54).

«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (16:97).

Тақуалық – Алланың пендесіне берген теңдесіз ізеті мен нығметі, ал иман – сол тақуа мүміннің жүрегіне Алла Тағала ұялатқан үлкен сыйы болып табылады. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: