Шариғат бойынша қыз-келіншектерге шалбар киюге рұқсат па?

Шариғат бойынша қыз-келіншектерге шалбар киюге рұқсат па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда киім-кешек мәселесінде көптеген түсінбеушіліктер орын алып жатқаны рас. Қайсысы ерлердің, ал қайсысы қыз-келіншектердің киімі екенін ажыратып болмайсың.

Қыз-келіншектердің киіміндегі маңызды нәрсе – киім-кешек бүкіл денені жауып тұруы тиіс, ал тағы бір маңызды мәселе – нәзік жандардың киімі ер адамдардың киіміне ұқсамауы керек.

Хадистердің бірінде Алла Елшісі (ﷺ) әйелдерге ұқсағысы келіп, әйелдердің киімін киген еркектерге және де еркектерге ұқсағысы келіп, ерлердің киімін киген әйелдерге лағынет айтқан.

Осы ескертуді естерінде ұстап жүретін қыз-келіншектер киімдерінің бүкіл денелерін жауып тұруын және де ерлердің киіміне ұқсап кетпеуін қатты қадағалайды. Осылайша, олар өз даралықтарын сақтап қалады.

Сөзсіз, қазіргі заманда көп орын алып жатқан жыныстардың араласуы салдарынан, біздің қоғам - адамдардың өз даралықтарын сақтап қалуына мұқтаж.

Қазіргі таңда шалбар кимейтін қыз-келіншек жоқ шығар, өйткені шалбар тек қана ерлердің киімі болудан қалғалы қашан...

Сауд Арабияда ерлер де, қыз-келіншектер де ұзын көйлек киетіні белгілі, яғни, тек қана ерлердің киімі болып саналатын киім түрі жоқ деп айтуға болады.

Қыз-келіншектердің шалбар киюі қаншалықты еркектерге ұқсау болып табылады деген тақырыпты талқылаудың орнына – шалбар қаншалықты тар және ол қаншалықты қыз-келіншектердің дене бітімін жауып тұратындығына көңіл аударған абзал болар.

Егер әйел адам кең шалбар киіп, үстіне дене-бітімін жауып тұратын киім киер болса, онда бұл жағдайда шалбар ер адамның киімі ретінде қабылданбайтын болады. Мысал үшін, келесі бір риуаятты келтіруге болады. Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) Әлимен (р.а.) бірге Бакидің қабірінің басында тұрғанда, есекке мінген бір әйел олардың қасынан өтіп бара жатып құлап қалады. Алла Елшісі (ﷺ) бірден жүзін бұрып әкетеді, ал Әли (р.а.): «Әйелдің бұтында шалбары болғандықтан оның денесінің еш жері ашылған жоқ», - деп айтады.

Сонда Алла Елшісі (ﷺ) шалбар киген әлгі әйел үшін дұға жасаған екен.

Егер шалбарға осындай көзқараспен қарайтын болсақ, онда киімнің бұл түрі Алла Елшісінің (ﷺ) өзімен мақұл көрінген деп айтуға болады, өйткені кең шалбар көлікке отырғанда немесе одан шыққанда, сатымен көтерілгенде және басқа да жайттарда әйелдердің дене-бітімін жауып тұруды қамтамасыз етеді.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: