Мінсіз қарым-қатынастың 5 белгісі: Пайғамбарымыздың (ﷺ) Алла Тағаламен қарым-қатынасы қандай болған?

Мінсіз қарым-қатынастың 5 белгісі: Пайғамбарымыздың (ﷺ) Алла Тағаламен қарым-қатынасы қандай болған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам болып жаратылған пенделердің бәрі де маңайындағылармен үнемі қарым-қатынаста болады. Ол - дүниеге жаңа келген сәби мен ананың, ата-аналар мен балалардың, ері мен әйелінің, әріптестердің арасындағы қарым-қатынас және т.б. Алайда ең маңызды қарым-қатынас адамдар мен Жаратушының арасындағы байланыс болып табылады.

Шүбәсіз, дінге қатысты және өмірдің басқа да салаларына қатысты Алла Елшісі (ﷺ) біз үшін ең көркем үлгі болып табылады. Төменде сіздердің назарларыңызға Пайғамбарымыздың (ﷺ) Алла Тағаламен қарым-қатынасының қаншалықты мінсіз болғанын дәлелдейтін 5 белгіні келтіреміз.

1. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) Алламен қарым-қатынасы сүйіспеншілікке негізделген болатын

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «...Ал мүміндер, Алланы тағы артық сүйеді...» (2:165).

Алла Тағала тарапынан уахилер түсірілмей тұрып-ақ, тіпті адасушы тайпаластарының арасында өмір сүріп-ақ Пайғамбарымыз (ﷺ) Бір Аллаға деген нық сенімін жоғалтпаған. Сол кезден бастап-ақ ол (ﷺ) өмірін Аллаға арнауға бел буып, Оған деген байланысын сезіне білген. Оның (ﷺ) құштарлығы мәжбүрлеуден емес, тек сүйіспеншілікпен ғана көрініс тапқан.

2. Қиыншылықтарға қарамастан оның иманы берік болып қала берген

Құранда былай айтылған: «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер» (2:45).

Алла Елшісі (ﷺ) басынан нендей қиыншылықтарды өткізбеді дейсіз, бірақ сонысына қарамастан ешқашан Алла Тағалаға деген сенімін жоғалтқан емес. Ол оның өмірінде орын алып жатқан әрбір нәрсенің өз себебі бар деп әрі Алла оны тастамайды деп сенген.

3. Құлшылықтарымен адам нанғысыз шыңдарға жеткен

Алла Елшісі (ﷺ) Алла Тағаланың былай айтқанын келтірген: «Маған жақындауға ұмтылуда Менің құлымның жасайтындарының ішіндегі ең сүйіктісі – Мен үшін Менің оған міндет етіп бергенімді орындау болып табылады және де Мен оны жақсы көрмейінше, Менің құлым мойнына жүктелгеннен артық жасап, Маған жақындауға тырысады» (Бұхари).

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) Алла Тағалаға мадақ айтып, Оған шүкіршілігін білдіру үшін аяқтары іскенше түні бойы құлшылық ететін. Ол (ﷺ) өмірінің түрлі жайттар мен оқиғаларға толы болғанына қарамастан,  құлшылықтарын ерекше ыждаһатпен орындайтын. Оның құлшылықтарының мақсаты тек қана Алланың кешіріміне бөлену ғана емес, оның уәждемесі сондай жоғары болған.

4. Алла Елшісі (ﷺ) ешқашан Алла Тағаланың қалауына қарсы келмеген

Алла Тағала Құранда былай айтқан: «...Аллаға тәукел ет. Негізінен Алла тәуекелшілерді жақсы көреді» (3:159).

Пайғамбарымыз (ﷺ) өмірінде «Неге мен?» деп ешқашан айтпаған. Тіпті басына түскен ауыр сынақтардың өзінде Алла Тағала оны шамадан тыс азапқа салып қояды деген ой оның (ﷺ) ойына кіріп те шықпаған. Ол (ﷺ) өмірінде болып жатқан жайттардың бәрі тек Алланың қалауымен болып жатыр деп сеніп, Оның даналығына тәуекел ететін.

5. Ол ешқашан үмітін үзбеген

Алла Елшісі (ﷺ) Алла Тағаланың мына бір сөздерін келтірген: «Уа, Адамның баласы, ақиқатында, Маған сиынуыңды, Маған үміт артуыңды жалғастырғаныңша, қандай күнә жасағаныңа қарамастан Мен сені кешіретін боламын! Уа, Адамның баласы, егер сен көктегі бұлттарға жететіндей күнә жасап, соңынан Менен кешірім сұрайтын болсаң, Мен сені кешіремін! Уа, Адамның баласы, асылында, егер сен жер бетінің бәрін жабатындай күнә жасап, бірақ Менің алдыма Менен басқа ешкімге құлшылық етпей келсең, Мен саған міндетті түрде сенің барлық күнәңді жарылқайтын кешірім беремін!» (Тирмизи).

Өмірінің қиыншылықтарға толы болғанына, қоғамның оған және басқа да мұсылмандарға қандай қаталдықпен қарағанына қарамастан Пайғамбарымыз (ﷺ) үнемі тек жақсылықтан үміттенетін.  Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) үнемі Алла Тағаладан үмбетіне жарылқау тілейтін. Адамзаттың асылы (ﷺ) Алла Тағала шешпейтін қиындықтың жоқ екендігін және Ол кешірмейтін күнәнің жоқ екенін білген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: