Құранның жаны болған сүре...

Құранның жаны болған сүре...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Уа, Мұхаммед, сені мазақ етіп Жаратушыңды сипаттап бер дегендерге былай айт:

«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Алла, біреу-ақ. Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж) Ол тумады да, туылмады. Әрі оған ешкім тең емес» (112:1—4).

Әбу Са'йд Худри Пайғамбарымыздың (ﷺ) «Ықылас» сүресі жөнінде былай айтқанын келтірген: «Менің жанымның Иесі Алламен ант етемін бұл сүрені оқу Құранды толықай оқығанмен тең». 

«Егер мүмін адам таң намазынан кейін сансыз кәлиманың орнына 100 мәрте «Ықылас» сүресін оқыса, сол күні әлгі адамның амал дәптеріне 50 тақуа жанның сауабы жазылатын болады».

«Кімде-кім таң намазынан кейін 11 рет «Ықылас» сүресін оқыса, сол күні әлгі адамға шайтан қанша күш салса да жақындай алмайды». 

«Кімде-кім ұйқыға жатар алдында «Фатиха» мен «Ықылас» сүрелерін оқыса, оны өлімнен басқа бәле-жаланың бәрі айналып өтетін болады».

«Кімде-кім үйге кірердің алдында «Ықылас» сүресін оқыса, ол кедейлікке ұшырамайды» (Табарани).

«Ықылас» сүресі – Құранның соңына таман келген қысқа сүрелердің бірі. Бұл сүре Пайғамбарымызға (ﷺ) Меккеде түсірілген. «Ықылас» – Құранның жаны, діннің тамыры, иманның негізін қалаушы өзегі.  Біздің асыл дініміз исламның басты қағидасы – таухидті танытады.

Кейбір ислам ғалымдарының пікірінше, аталмыш сүре - Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі – «әл-Азым», яғни Алланың Ұлы есімі болып табылады.

«Ықылас» сүресі Алла деген кім және Ол кім болып табылады деген ұғымды нақты анықтап береді.

«Ықылас» - дүниенің қайнар көзі, Алланы танып-білу арқылы тыныштыққа кенелу.  

-        Алла Тағаланы танып-білгіңіз келсе;

-        Оның көмегі мен қолдауын алғыңыз келсе;

-        Тақуалығыңызды күшейткіңіз келсе;

-        Үрей мен мазасыздықтан құтылғыңыз келсе;

-        Рухани күш пен төзімділікке қол жеткізгіңіз келсе;

-        Жалғыздық сезімінен құтылғыңыз келсе, онда ойланбастан «Ықылас» сүресін оқыңыз.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: