16 шәкіртке сертификат табысталды

16 шәкіртке сертификат табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Һурайрадан (р.а.) имам Мүслим риуаят еткен хадисте: «Кім білім іздеу жолына түссе Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы киттерге дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай" - дейді.

Аллаға шүкір жылдан жылға діни сауатын ашуға жас баладан бастап, еңкейген қарттарға дейін бет бұруда. Алланың Кәләмін оқып, мұсылмандық шарттарды білу - әрбір жауапкердің міндеті. Мұның бір көрінісі облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде діни сауат ашу курсының шәкірттері сатыдан сатыға өту емтиханын тапсырды.

Бірінші дәрежені тәмамдаған 57 білім алушының 16-сы сынақ тапсырып, барлығы сүрінбей өтті. 
Аталған бірінші сатыдан өткен азаматтар екінші сатыға көшіріліп,  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев сертификатпен марапаттады.
Сонымен қатар, ұстаздар келесі сатыға сәттілік тілеп, имам білім алушылар үшін дұға жасады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: