Алқа мүшелерінің қорытынды жиналысында маңызды ұсыныстар қолға алынды

Алқа мүшелерінің қорытынды жиналысында маңызды ұсыныстар қолға алынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс өкіл  имамы Данияр қажы Жұмабаевтың басшылығымен аудан және қала мешіттерінің алқа мүшелерінің және тексеру комиссиясының қорытынды жиналысы өтті.

Жиынға алқа мүшесі құрамына кіретін мешіт ақсақалдары мен мешіт имамдары қатысты.

Бұл жиында өкіл имам Данияр Әлимұхамедұлы биылғы жылы өте үлкен нәтижелі істердің атқарылғанын атап өтті.  Өзі бастап барған жиналыстарда  аудандардағы және облыстағы алқа мүшелерінің басын қосып, жиналыс өткізіп алқа мүшелерінің міндеттемелерін айқындап берген болатын.   

Бас имам Данияр Әлимұхамедұлы осы жылы атқарылған іс-шараларға, мешіттің ішкі және сыртқы қажеттіліктеріне жұмсалған қаражаттың есебін берді: «2018 жылы мешіттің есеп шотына  37 688 785 теңге түсті. Оның 5 961 300 теңгесі демеушілер есебінен, ал 30 668 865  теңгесі жәшік арқылы түсті. Ал осы қаражаттардың жұмсалу жолдарын тарқатып айтқанда 4 464 200 теңге – түрлі қайырымдылық іс-шараларына, қалған қаражат мешіттің ішкі және сыртқы шығындарына, үгіт-насихат және сайт жұмыстарын жақсартуға бөлінді. Осының барлығы да дініміздің өркендеуіне, мешітіміздің хал ахуалының жақсырауына қызмет етіп отыр. Әлбетте мұны біз халықтың кеңпейілділігі, дінімізге жанашырлығы, әрдайым мешітімізге жомарттық пен қол ұшын созуы деп білеміз. Алла ел-жұртымызға разы болсын. Жалпы, қаражатты үнемдеп жұмсау – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді Бас имам.

Биылғы жылы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде біраз  құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мешіттің еденіне жылу жүйесі орнатылғанын және алдағы уақытта  мешітте де алқа мүшелерінің қолдауымен құрылыс жұмыстары жүретіндігін және мешіттің  дыбыстық аппараттарының жаңартылатынын да атап өтті.

Жиында имамдар тарапынан да бірнеше ұсыныстар айтылды, мәселен, Алла разылығы үшін қайырымдылық қорын ашып, жиналған қаражатқа  жағдайы төмен отбасыларға баспана алып беру мәселесі қолға алынбақ.

Сондай-ақ, алқа мүшелерінің қолдауымен орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ерлер және әйелдер дәретханасына газбен жылыту қондырғылары орнатылады. Және мешіт жанындағы діни заттар сатылатын дүкендердің орнына арнайы үлкен ғимарат салынып, діни заттар сататын дүкендер сол ғимараттың ішіне орналастырылады. Бұл мәселелер алдағы жылдың еншісіне қалды. Бұл игі бастамаларды алқа мүшелері де бірауыздан қолдады.  

Сонымен қатар, осы жиында өкіл имам жылдағы дәстүрге  сай алқа мүшелерінің құрамын бекітіп, тексеру комиссия құрамын жаңа мүшелермен толықтырды.

 

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: