Сабыр — екі дүние табысына жету кілті

Сабыр — екі дүние табысына жету кілті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам  Тирмизидің «Сунанында» Алла Елшісінің (ﷺ) мынадай бір хадисі бар, онда Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Мұсылман адамдардың ортасында болып, сабыр сақтаса – ол адамдардың ортасында болмай және сабыр сақтамаған мұсылманнан жақсы». Басқа сөзбен айтсақ, мұсылман жанға өзге адамдардан  келетін зиян мен  мазасыздыққа сабыр етуі  қажет.  

Бұл хадис шынымен де өте маңызды. Ол бізге не жайында айтады? Алла Елшісі (ﷺ) Адам ұрпағына, яғни адамдарға, бір-бірлерімен бірігіп өмір сүру тән деп түсіндірген. Адам – бұл әлеуметтік жаратылыс. Біз бір-бірімізбен өмір сүреміз, бір-бірімізбен әртүрлі қарым-қатынаста боламыз: некелік қатынас – күйеуі мен әйелінің қарым-қатынасы, ата-аналар мен балалардың, аға/бауырлары мен апай/қарындастарының, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастар. Жалпылай айтқанда, адамдарда түрлі байланыстар бар, біз күнделікті өмірімізде бір-бірімізбен  кездесеміз және байланыс орнатамыз, бізде өзара ортақ іс болуға мәжбүр боламыз.  

Ендеше, адамдармен араласа жүріп, біз қоғам меншігіне айналамыз да қоғам тарапынан болсын, ондағы адамддар тарапынан болсын келетін зияндар мен қиындықтарға сабыр етеді.   

Басқа адамдармен араласа жүріп, біз олардан зиян алуымыз рас. Оның себебі  - біздің әртүрлі екендігіміз болып табылады. Алла Тағала әрбір адамды ақыл-парасат жағынан, қызбалық жағынан, психологиялық тұрғыдан, сондай-ақ, темперамент және бүтіндей, өз болмысы жағынан басқа адамнан өзге етіп жаратты. Біз тіпті дене-бітіміміз жағынан да әртүрліміз, тіпті күллі адамзат баласында сырт әлпеті жағынан ұқасас екі адам табылмайды, егіз жандардан бөлек, тіпті әрбір адамның саусақтарының таңбалары да дара, басқанікінен өзге. 

 Біз әртүрлі ойлаймыз, әрқайсымыздың өз пікіріміз бар. Осының бәрін, сондай-ақ, бірге тұратынымызды және біздің бір-бірімізбен айқын қарым-қатынастарымыздың барын ескерсек, онда біздің пікірлерімізде қарама-қайшылықтың болмауын әрі бізді ренжітпеуді елестету тіпті де мүмкін емес. Мысалы, сен үйленбек болып жүрсің дейік, өзіңді ешқашан әбігерлікке берілмеймін деп санасаң, онда сен бұл әлемде емес, басқа әлемде өмір сүресің деген сөз. Алла Елшісінің (ﷺ) хадисінде осы айтылған болатын, адамдармен қарым-қатынасымыздың салдарынан, біз зиянға ұшырап отырамыз.  

Осылайша, адамдардың ортасында өмір сүретін жанға қалай болғанда да  зиян тиеді, өйткені біреу оған ұнамайтын нәрсені айтуы мүмкін, біреудің басқа пікірі болуы мүмкін, біреу сенің тілегіңе сай емес нәрсені жасауы мүмкін. Сен оларды өзіңе ұнайтындай етіп жасай алмайсың, өйткені олар басқа.  Сондықтан да Алла Елшісі (ﷺ) адамдармен араласа отырып, олардан келетін зиянға сабыр сақтап, егер оның сезімдеріне тисе де, оған шыдаған тақуа адам, адамдардан бөлектеніп, олармен қарым-қатынас жасағысы келмейтін жаннан жақсырақ деп айтқан. Мысалы, былай айтса: «Өз рақатым үшін әлдебір таудың басында өмір сүремін және, Аллаға Мадақ, маған ешкім де зиянын тигізе». Егер сіз қаласаңыз, онда осылай жасай аласыз. Бірақ кімде-кім осы өмірдің кикілжіңіне қарсы келіп: «Жоқ! Мен адамдардың ортасында тұрып, олардан келетін зиянға шыдамдылық танытып, сабыр сақтаймын», - деп айтса сол адам «Мен адамдармен ешқандай қарым-қатынасты қаламаймын, олармен араласқым да келмейді, одан да өз рақатым үшін таудың басында өмір сүремін», - деп ойлаушыдан көбірек жақсы.  Мұндай адам:  «Мен көз күнәсін жасағым келмейді немесе мен бұл күнәларды жасамаймын», - деп айтатын соқыр сияқты, өйткені оның көз күнәсін жасайтындай көздері жоқ қой! Ал сабыр ететін адам одан анағұрлым жақсы.

Жоғарыда келтірілген хадисте Алла Елшісі  (ﷺ) міне осыны меңзеген болатын. Осы хадис адамдармен араласқанда мазасыздыққа берілетіндігімізді көрсетеді, ендеше, сізге не істеу керек? Ең алдымен, сізге сабыр ету керек, әрбір мәселенің түп-тамыры, шешімі сабыр болып табылады. Егер шындыққа келсек, сабыр  – бұл өте маңызды, мықты қару, таңғажайып мінез ерекшелігі, таңғаларлық қасиет, бұл қасиетті адам өзінде жетілдіре алады. Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады” деп айт» (Зумәр, 39:10).          

Сабыр етушілер мен қайраттылық көрсетушілерге деген сыйлықтардың шегі, есебі болмайды, оларға таңғажайып сыйлықтар тиісінше есепсіз беріледі. Алла бізге осыны жеткізген. Біз сабырлы болуға ұмтылуымыз қажет. 

Күнделікті өмірде бізге адамдардың зияны тиеді. Ешқашан зардап шекпеген, біреуден зиян көрмеген, ешкім тіл тигізбеген, ешқашан қасірет тартпаған немесе әлдебір қиындық көрмеген ешбір жан жоқ. Бұдан ешкім де құтылып кете алмайды.  

Бізде тек екі нұсқа бар, оның біріншісі – бізге біреу қасірет тарттырса, зиянын тигізсе, зардап шектірсе, онда біз былай айтамыз: «Көр де тұр, мен одан өшімді алмай тынбаймын». Бізге өзіміздің дауымызды жалғастыра бергіміз келеді, біз ұрсысамыз, бүлік тудырамыз, қасіретті арандатамыз, дәлелдер келтіреміз, жанжалды өрбітеміз, енемізбен, келінімізбен, қайын сіңілімізбен, қайын атамызбен, күйеу баламызбен немесе басқа туыстарымызбен жауласамыз. Мұның бәрі құтты бір телехикаяда болып жатқандай болады, ал жанұяны ішінен өшпенділік өрті шарпи бастайтын болады. Егер сіз осы нұсқаны таңдап, осылай жасар болсаңыз, сіздің өміріңіз адам төзгісіз болады, отбасыңызда не татулық, не тыныштық болмайды, сіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз, өміріңізде тек қана  өшпенділік-өшпенділік, дау, айғай, бітпейтін бүлік пен жанжалдар ғана орын алып тұратын болады.

Екінші нұсқаға бізді Алла Елшісі (ﷺ) шақырады, аталмыш хадис арқылы бізге жеткізгісі келгені – бұл ойлану «Мен туралы біреудің бірдеме айтқанында тұрған не бар? Қандай айырмасы бар, мен туралы біреу келеңсіз нәрсе айтса, біреу азап шектірсе, менің сезіміме тисе, бұл өмір сондай қысқа, бар-жоғы 50-60 жыл, ал одан кейін мәңгілік өмір келеді, Алланың қалауы болса – игі өмір болады. Алла үшін, мен сабыр етіп, төзімділік танытайын, мүмкін мен жаман адам шығармын, бірақ менің істеуім керек маңыздырақ істерім бар.  Ештемеге де көңіл аудармай, өмірімді сүре берейін. Алла Пәк, сонда ешқандай айғай да, соғыстар та, жанжалдар да болмайды әрі мен есепсіз өз сыйлығымды аламын, Алла Пәк». Бізге керегі де осы, басқалар зиян келтіргенде – шыдамдылық пен қайраттылық таныту. Алайда бұл оқиғада залал деңгейі шамадан тыс жоғары жағдайды меңзеп отырған жоқпыз. Ал сіз: «Мен сабыр етемін. Мені одан ары ұра берсін. Мен өле саламын», - деп айтарсыз. Жоқ. Бұлай мүлде болмайды. Сіздерге мұны айтып отырған жоқпыз. Әр нәрсенің шегі бар. Тәнге зорлық-зомбылық көрсетілгенде, ар-ұжданымызға шамадан тыс тіл тигізілгенде біздің қорғануға құқымыз бар. Бірақ біздің айтып отырғанымыз - ол адамдардың күнделікті әлдебір қолайсыздықтар, келеңсіздіктер келтіруі мен сезімдерге тиюі ғана.

Егер Алланың қалауы сол болса, сіз Алла разылығы үшін сабыр етіп және шыдамдылық танытсаңыз, осы үшін өміріңізге берілген сауапты көресіз. Алла Тағала бізге не берсе де қайыр-берекесімен берсін. Сабырлық сақтап, төзімділік танытуда Алла бізге жәрдем етсін.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: