«Жаратушы Ием, мені дұрыс жолға салшы!»

«Жаратушы Ием, мені дұрыс жолға салшы!»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамдар Исламды қабылдағанда, көпшілігі мұны «қайтып оралу» деп атауды жөн көреді, өйткені әрбір адам бұл дүниеге Алла Тағалаға деген табиғи бойсұнушылықпен келеді ғой, сондықтан да адам Исламды қабылдай отыра, өзінің табиғи бойсұнушылық күйіне қайтып оралады. 

Мен сіздерге өз өмірімнен бір сыр шертіп бергім келеді...

Менің ата-анам мен дүниеге келердің алдында ғана Исламды қабылдаған жандар болатын, алайда мені ислам діні аясында тәрбиелемеген, сол себепті де мен  Исламды қабылдар алдында, ақиқатты іздеуде біраз тер төгіп, біршама уақыт жоғалтуыма тура келді.

Шынын айту керек, балалық шағымда ата-анаммен Рамазан айында ораза ұстайтынмын, бірақ әкем менің бес жасымда қайтыс болды да анам менің  құлшылық етпеуіме рұқсат берді. Шамасы, ол менің өсіп-ержетіп, діндегі жолымды өзімнің таңдауымды жөн көрген болуы керек... 

Мен 16-ға толғанда, менің анам мысырлыққа тұрмысқа шықты да мен олармен бірге екі жыл бойы Лондонда тұрдым. Сонда мен өзімнің бұл өмірдегі орнымды және бұл дүниеге келуімнің мәнін  анықтау керек енкендігін сезіндім. Әкеме тиесілі философиялық кітаптарды оқуды бастадым. 

Әдетте мен кітаптағы мағлұматпен келісетінімді әрі қабылдай алатынымды  түсінгенімше ғана оқитынмын. Сондықтан да көптеген кітаптарды аяқтамай қалдырып қоятын едім.  

Әсіресе, менің есімде қалғаны «Өзіңді философияға үйрет» деп аталатын кітап еді, онда былай айтылған болатын, философияны үйрену сұрақтарға жауаптар табуға көмектеспейді, бірақ сол жауаптарды іздеудің өзінен рақат алуға көмектеседі.  Бұл ақиқатты табудың ең жақсы тәсілі деп ойлайсыз ба?

Бұл кітапты оқыған соң, сондай-ақ, адамдармен Ислам туралы сөйлескенімнен кейін, өз сұрақтарыма иланымды жауаптар таба алмайтыныма көзім жетті де мен агностикпін, яғни танымсыздықты жақтаушы екенмін ғой деген тұжырымға келдім. Мақсатым - бүкіл Әлемді танып-білу үдерісін жалғастыру болды.

21 жасқа дейін осы философияға шынайы сендім. Сол кезде мен Манчестер университетінде оқыған едім, менің сенімдерім күн санап күмәнға ұшырай бастады. Мұндай  дүниетаным адамды белсенді іс-әрекетке итермелей алмайтынын түсіндім. Сол себепті де басқаларға еріп және өмірден рақат алу жақсы болмас па екен деп, құрдастарыммен бірге жастық шақтың қызығы мен шыжығы мол күндеріне басыммен кіріп жүре бірдім. Қызықтарға алданам деп жүріп, менің оқуым нашарлады, сондықтан жазғы демалыста өзімнің өмірге деген көзқарасымды қайта қарап шығуға бел будым.

 Жазды мен Гамбургте өткіздім әрі сол кезде мен өзімді мазалап жүрген сан-қилы сауалдарға дұрыс жауап табуға тырыстым.  Осындай күндердің бір түнінде мен өте бір ерекше түс көрдім.

...Кең жазыққа қарап бір топ адаммен жағалауда отырғандаймын. Алдымызда алысқа созылып жатқан көптеген темір жол рельстері жатқандай. Біз отырып алып расымен де бұл рельстер ме және оның үстімен күндердің күнінде пойыз жүре ме деп талқылай бастадық. Біраздан кейін біздің топтан бір адам мұның рельс емес екенін және онымен пойыздың жүрмейтініне сенімді екенін көрсеткісі келді. Ол барып рельске отырды. Бір уақытта рельстермен үлкен пойыз зымырап өтіп, алысқа кетті. Бұл көрініске қайран қалған мен бұл жерден пойыз жүрмейтініне сенімді болған әлгі адамды іздедім. Ол ғайып болған, сірә, оны пойыз қағып, алысқа алып кеткен шығар. Мен басқа адамдарға қайтып оралып, олардан: «Әлгі адамға не болғанын көрмедіңдер ме?» - деп сұрадым.

 Олар дауласа бастады, өйткені пойыздардың бар екеніне сенімді болмағандықтан, бұл жерден пойыздың өткен, өтпегеніне жауап бере алмайтындықтарын айтты. Олардың жауаптарына таң қалған мен олардан: «Оның өткенін өз көздеріңмен көрмеп пе едіңдер?» - деп сұрадым. «Мүмкін солай да шығар, бірақ қазір біз ештеме көріп тұрған жоқпыз, сондықтан біз мұның рельс екеніне және онымен пойыздардың жүретініне қалай сенімді боламыз?» - деп маған жауап берді олар. «Ал әлгі рельсте болған адам ше?» - деп сұрадым мен.  «Біз оны көріп тұрған жоқпыз, сондықтан оның тіпті болғанын да білмейміз. Солай болғанын дәлелдеңіз», - деген жауап естілді. Осындай айқын фактіден тек осы сәтте оны көз алдарында көрмеу себебінен ғана бас тартуларынан мен қатты қамығып кеттім. 

Дәл осы сәтте оянып кеткенім. Бұл түстің мен көп уақыт бойы ілім алған  философтардың нәтижесіз пікірталастарын көрсеткенін түсіндім. Сенімділік және бір нәрсенің ақиқаты тапсырыс бойынша келмейтінін, кейде жеке жағдайлармен келуі мүмкін екендігін де ұғындым. Әлдебір адамның Жаратушыға деген мықты сенімділігі басқаларды Алланың бар екендігіне сендіре алмайтындығын және талап етумен дәлелдерді келтіре алмайтындығы туралы пайымдауды менің көрген түсім дәлелдеп берді. Алла Тағаланы көзбен көріп, құлақпен ести алмаймыз, алайда көріп, тыңдайтындарға айқын дәлелдер бар екені хақ.

Сол кезден бастап мен келесі дұғаны іштен айтатын болдым: «Жаратушы Ием, мені дұрыс жолға сала гөр!».

Келесі бірнеше айларды мені қинап жүрген – өмірдің мәні, Жаратушы туралы  сұрақтарға жауап ідеуімді жалғастырдым. Адамдарды дұрыс әрекеттерге бағыттау үшін, Алла Тағала тарапынан келетін белгінің қажет екенін түсіндім. Тіпті егер адамдар шынайы түрде түзелгілері келсе және дұрысты бұрыстан айыра алғысы келсе, оларға алдымен моральдық өзгеру қажеттілігін қабылдау керек екенін де ұқтым.

Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінуге талпынуда, моральдық игіліктің бар екенін түсіну қажет, оған бәріміз де ұмтылуымыз тиіс. Әрине, ешқандай да жақсылық пен зұлымдық жоқ, ненің жақсы, ненің жаман екенін анықтайтын Жаратушы жоқ деп санайтындарға бұл дәлел емес, ондай адамдарға ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіндіргің де келмейді. Сонымен біздің екі жолымыз бар, біріншісі – жақсылық пен зұлымдықтың бар екенін және қайсысының қайсы екенін анықтайтын Алланың бар екенін мойындау, ал екіншісі - біздің іс-әрекетімізге деген жауапкершіліктің болуын жоққа шығару, демек жақсылық жасауға тырыспау және зұлымдықтан аластауға қажет емес екендігін мойындау.

Сондай-ақ, жақсылық пен зұлымдық жоқ деген екінші жолдың мен үшін өрескел екенін түсіндім, өйткені бұл жағдайда өмір өзінің мән-мағынасынан айырылады. Жатақханадағы өз бөлмемде отырып осындай тұжырымға келдім. Басқа діндер туралы жеткілікті білгендігімнен, Исламда кез-келген басқа сенім жүйесіне қарағанда анағұрлым көбірек мағына бар деген түйін жасадым. Содан кейін иманның куәлігі – шәһадатты қағазға жазып, қолымды қойдым. Осылайша, мен ислам дінін қабылдадым, яғни «қайтып оралдым».

Келесі айда: «Егер мен ешбір қате таппасам, онда мен осыны ұстанамын», - деген оймен Құранның аудармасын оқуды бастадым. Құран аудармасын ьбасынан аяғына дейін оқып шыққанда Исламда ешбір күмән мен қарама-қайшылықтың жоқ екендігіне мен одан сайын көз жеткізе  түстім.

Кейде мен қателіктер жасаймын, алайда сол қателіктердің арқасында ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін үйренетініміз рас қой. Қателіктер де алға қадам басудың бір бөлігі.  Адамзат қоғамында моральдың болуының өзі - жақсылық пен зұлымдықтың соңғы Төрешісі ретінде Алла Тағаланың болуын мойындауды талап етеді. Алла Тағаладан басқа Оның жаратқан пенделеріне төрелік ететін басқа ешкімнің жоқ екендігіне Жаратушым Өзі менің көзімді жеткізді, сол үшін де Аллаға сансыз шүкірлер айтамын.

Ислам дінін қабылдаған уақыттан бастап менің өмірім өзгерді әрі өткен өміріме: «Аллаға шүкір, мен мұсылманмын», - деп айтусыз қарайламайтын болдым.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: