Шу ауданында мүбәрак Мәуліт кеші өтті

Шу ауданында мүбәрак Мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен орталық мәдениет үйінде сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) құрметіне арналған мүбәрәк Мәуліт кеші өткізілді.

Мәуліт кеші Берік қари Арғынбекұлының қасиетті Құран аятын оқуымен ашылды. Биылғы кештің ерекшелігі Алматы қаласынан келген қонағымыз Қазақстанда әйгілі сазгер, ақын Берік Құлатай домбыраның қоңыр үнімен сүйемелдеп Мәуліт шәріп оқыды.

Мәуліт кешіне ҚМДБ-ның  пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы, «Нұр Мүбәрак» университетінің доктаранты Оралхан Рахматбекұлы, Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай, ұстаз Ерсін Әміре, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек және «Шу Қаған» театры қатысты.

Мәуліт мерекесіне орай, жиылған жұртшылыққа аудан әкімі Қайрат Әскербекұлы және облыстық «Һибатулла Таризи» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы құттықтап сөз сөйледі. Кешті  Мақсат Сағынышбекұлы жүргізді. Келген қонағымыз Еркінбек Шоқай пайғамбарымыздың Мұхаммед (c.а.у.) жұмсақтығы туралы әсерлі уағыз  айтты.

«Шу қаған» театрының жігіттері діни тұрғыда «Садақа» жайында көрініс қойып, халықты өздеріне баулай білді.

Кеш соңында, Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы сөз сөйлеп, уағыз айтып, арнайы келген конақтарымызға және жиналған жұртшылыққа өз алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, жиналған жұртшылыққа «Айару» мейрамханасында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) арналған ас таратылды. Дәм татқан жамағат Ерсін ұстаз бен Оралхан ұстаздың әсерлі уағыздарын тыңдады.

Ас соңында,  Еркінбек Шоқай  Құран оқып, Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы батасын беріп, дұға  жасады. Осындай игі іс-шараға дән риза болған аудан  жұртшылығы рахметтерін жаудырып, тарқасты.

                                                    

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: