Ғалым ұстаздар Шу ауданында

Ғалым ұстаздар Шу ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен елімізге белгілі исламтанушы ғалым ұстаздарымыз арнайы аудандық «Төле би «мешітіне ат басын бұрып келген болатын.

Атап айтатын болсақ, қасиетті жұма күні Шу аудандық «Төле би» мешітінің жамағатымен жүздескен қонағымыз Алматы қаласындағы Орталық мешіттің ұстазы Берік қари Арғынбекұлы жиналған жұртшылыққа «Жәннәтқа жетелейтін жол ізде» атты жұма уағызының тақырыбына сай әсерлі уағыз  айтты.

Сонымен қатар, жұма күні ақшам намазы мен құптан намазы арасында Төле би мешітінің жамағатына Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре ұстазымыз Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) махаббат жайында насихат жүргізді.

Уағызды ұйып тыңдаған жамағат Ерсін ұстаздың айтқан өсиетіне дән риза болып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: