Пенденің Алла Тағалаға ең жақын болатын кезі...

Пенденің Алла Тағалаға ең жақын болатын кезі...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Қасиетті Құран аяттарының бірінде былай айтқан:

وَاسْجُدْ وَاقْتَرِبْ

«...Аллаға сәжде қыл, жақында!» (96:19).

Ал Алла Елшісі (ﷺ) болса: «Сәждеде пенде өз Жаратушысына анағұрлым жақын болады», - деген.

Бұл жерде Жаратушы мен жаратылған арасындағы бұл дүниелік белгілермен өлшенетін физикалық жақындық сөз болып отырған жоқ, бұл жерде Жаратушы мен Оның пендесі арасындағы рухани жақындық айтылып отыр.

Аталмыш аят пен хадис Алла Тағала орналасқан жердің шегі жоқтығын тағы бір мәрте дәлелдеп тұр. Ол - бұл дүниелік уақыт шегі, өлшемі мен орнына қатысты емес, Ол - Пәк.

Қасиетті Құран аяттарында болсын, Алла Елшісінің (ﷺ) хадистерінде болсын бейнелік теңеулер кездесіп жатады, бірақ оны дәлме-дәл түсінудің қажеті жоқ.

Мысалы үшін, бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) күңдердің бірі тек азаттық алу үшін ғана шәһәдат айтты деп күмәнданып, одан: «Алла қайда?» - деп сұрайды. Сонда күң көкті көрсеткенде Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қағбаның Иесімен ант етемін, ол иман келтірді», - деген екен.

Бұл жерде «Қайда?» деген сұрақ Алла Тағаланың мекенін анықтау үшін қойылған жоқ, тек күңнің қабылдауына түсінікті болу үшін қойылып отырған сұрақ.

Алла Елшісі (ﷺ) адамдарға әлдебір нәрселерді олардың қабылдау деңгейінде түсіндіруге тырысатын, бірақ бұл сұрақты Пайғамбарымыз (ﷺ) емес, басқа бір адам қойғанда, осы сұрақ оның білімсіздігінің дәлелі болар еді, өйткені Алла Тағала мекен-жай деген ұғымнан ада.

Шүбәсіз, күң Алла Тағаланың толық болмысын жеткілікті деңгейде түсінбегендіктен, Жаратушы туралы ақпаратты тек өз деңгейінде ғана қабылдай алған. Алайда Алла Елшісі (ﷺ) күң түсіне алмайтын дүниелерді айтатын болса, ол, бәлкім, ислам дінін қабылдай алмас па еді?..

Алла Елшісінің (ﷺ) бұл сауалды дәл осылай қоюы, оның (ﷺ) даналығын көрсетеді, «ол иман келтірді», яғни Алла Тағалаға құлшылық ететін болды дегені.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деп бұйырған:

وَهُوَ الَّذِي فِي السَّمَاء إِلَهٌ وَفِي الْأَرْضِ إِلَهٌ وَهُوَ الْحَكِيمُ الْعَلِيمُ

«Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Және Ол, аса дана толық білуші» (43:84).

 

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: