Қордайда «Үмітін үзбеген үмбетің...» атты Мәуліт кеші өтті

Қордайда «Үмітін үзбеген үмбетің...» атты Мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт айы жер -жерлерде мерекеленіп, Алла елшісіне сансыз салауаттар жолдануда.  Қордай аудандық мешіті де пайғамбар  ғұмырынан ғибрат алу үшін аудандық мәдениет үйінде «Үмітін үзбеген үмбетің ...» атты  рухани-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Мереке алдында аудандық «Қордай шамшырағы» газетіне  Алла елшісінің (с.ғ.с) өмірі туралы мақала жарық көрсе, мешіт шарбақтарына  пайғамбырымыз туралы тарихи тұлғалардың тамсанған сөздері, орталық көше бойына мәуліт мерекесіне арнайы баннер  ілінсе, орталық алаңдағы LED экран салауат роликтері жүгіртілді. Рухани-танымдық жобаны  арнайы Шым қаладан «Асыл мұра» өнер орталығының дарындары  жан тербететін қойылымдырамен, жүрек толғар жырларымен безендіре түсті. 

Рухани бағдарлама барысында облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев  Алла елшісінің ғұмыры туралы уағыз айтып, мешіт жан ашырларына, асыл дініміз туралы қалам тербеп жүрген журналист азаматтарға өкіл имам Д.Жұмабаев атынан алғыс хат табыс етсе, аудан әкімінің орынбасары аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, діни тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген имам-молдаларға, ұстаздарға  алғыс хаттарын табыс етті.

Мерекенің маңыздылығын атап өтуге шыққан аудан бас имамы Д.Жандосұлы ұзақ жылдар бойы аудандық мешітте қарауылдық, бағбандық қызметтер атқарып жүрген Дарменбаев Оразбай атаға «Атлас туризм» фирмасы демеушілігімен, аудандық мешіттің ұйымдастыруымен  кіші қажылыққа жолдама сыйлады. Ақсақал көңілі босап, қөзіне жас алып, бас имамға ақ батасын берді. Кеше ғана салтанатты ашылуы болған «Қордай медресесі» шәкірттері құрамынан құрылған  «Ықылас» салауат тобы салауат оқуымен, діни өлеңдермен жиналған жұрттың  көңілінен шықты.

Мерекелік іс-шаралар «Самал» мейрамханасында өз жалғасын тапты. 

«Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: