Жат ағымдардың алдын алу тақырыбында екі кездесу өтті

Жат ағымдардың алдын алу тақырыбында екі кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев қалалық №13 «Тараз терімжол колледжінің» жатақханасындағы студенттермен кездесіп, «Әлеуметтік желідегі жат ағымдардың зияны» тақырыбында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде наиб имам: «Деструктивті діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты  – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Ең қауіптісі Ғаламтор жат ағымдардың насихат ошағына айналып отырғаны. Діни танымнан хабары аз жастар осындай желілерге кіріп, байқамай біреудің қазған орына түседі», - деп атап өтті. 

 

Сонымен қатар, осындай маңызды кездесу «Тараз мамандандырылған колледжінің» студенттерімен де өтіп, наиб имам Ержан Маханұлы жат ағымдардың алдын алу тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізілді.

Студенттер тақырыптарға байланысты өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: