Байзақ ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтуде

Байзақ ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданына қарасты Жетібай ауылы «Ақыл ата» мешіті мен Аққия ауылы «Аққия» мешітінде Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтылып, мәуліт жыры оқылды.

Бұл іс – шараға Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің найб имамы Каримбаев Айбек Амангелдіұлы «Салауат айтудың артықшылығы» жайында уағыз – насихатын айтты. Мәуліт жиынына арнайы мешіт жамағатына дастархан жайылып, мәуліт жыры оқылып, жамағатпен бірге салауат айтылды.

Мәулітті Байзақ ауданының қариы Хазірет ағамыз бен «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Сағымбаев Бақытбек қазақша арабша нұсқада оқыды. Жиналған көпшілік осындай игі іс – шараны ұйымдастырған «Ақыл ата» мешітінің молдасы Кенбаев Ахметке және «Аққия» мешітінің молдасы Тұрабаев Қадырбекке рахметтерін айтып, елдің бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.

 

«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: