Тараз қалалық мешіттері жылды қорытындылады

Тараз қалалық мешіттері жылды қорытындылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қала бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы мен  «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбектің қатысуымен мешіттердің бір жыл бойы атқарған жұмыстары қаралды.

Тараз қаласында жалпы саны 29 мешіт жұмыс жасайды. Қала имамдары жылдық есеп кітапшасын дайындап, слайд әзірлеп, 4 бағыт бойынша жасалған жұмыстар туралы есеп берді.

2018 жылы қала мешіттерінде 1431 отбасына қайырымдылық жасалып, 2809 шәкірт сауат ашты.

Басқосуда Қанат Әділханұлы мен Ғалымбек Жапек сөз сөйледі. Берілген есептерді қорытындылап, «үздік азаншы», «үздік наиб имам», «үздік ұстаз», «үздік имам», «үздік мешіт» аталымдары бойынша алғыс хаттар табысталды.

«Үздік азаншы» алғыс хатымен «Әзірет Әли» мешітінің азаншысы Абылбеков Асқар, «Айсұлу ана» мешітінің азаншысы Чилманбетов Рысбек, ал, «үздік наиб имам» алғыс хатымен «Әзірет Әли» мешітінің наиб имамы Еспенбетов Рысбай марапатталды.

«Үздік ұстаз» аталымы бойынша «Құлбай баба» мешітінің ұстазы Мырзабеков Құттыбай, «Ар-Рахман Рахим» мешітінің ұстазы Айдарова Зора, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстаздары Қожантаева Айдана мен Қолағұлова Жібек марапатталды.

Үздік имамдар – «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қуанышбеков Қанат, «Әл-Фирдаус» мешітінің имамы Жапек Ғалымбек, «Нәметбай» мешітінің имамы Абдикамбетов Абдурахман болса, «үздік мешіт» алғыс хатымен «Құлбай баба», «Ар-Рахман Рахим», «Шейх-Зуннун» мешіттері марапатталды.

«Кеңесхан қажы»мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: