Қиямет күні Пайғамбарымыз (ﷺ): «Менің үмбетім! Менің үмбетім!», - деп шақыратын болады

Қиямет күні Пайғамбарымыз (ﷺ): «Менің үмбетім! Менің үмбетім!», - деп шақыратын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні Мұса (а.с.) Мадьян қақпасының маңындағы бір талды көлеңкелеп тұрғанда бірнеше адам қойларын суармақ болып, құдықтан су алып жатады. Сол жерге  қолдарында мыс ожаулары бар  Шуайб пайғамбардың (а.с.) қыздары да келеді. Алайда оларға кезек тимей, олар қойларына су ала алмай қалады. Ал Мұса пайғамбар (а.с.) оларды аяп,  қыздарға бірнеше шелек су алып береді.

Мұса (а.с.) бейшара қыздардың азғана қойларына су берді. Сол сияқты Қиямет күні келгенде тақуа жандар бөлек топ болып Жұмаққа аттанады.  Ал иман келтірмегендер көргендеріне таңырқап, мелшиіп қала береді. Сол кезде Пайғамбарлардың мөрі Мұхаммед (ﷺ) оларды аяп, оларға шапағатшы болады. Низам-ул-Мүлктің Мұхаммед деген көмекшісі болған екен. Көмекшісіне разы болғанда оны атымен шақырып, ал оған ыза болғанда: «Әй, құл» деп шақыратын болыпты.

Бір күні ол бөлмесінен шығып: «Әй, құл», - деп айғай салады. Адамды атымен шақырмайтындай оның қандай кінәсі бар екен деп ойланып қалады көмекшісі.  Сәті түскен кезде: «Менің қандай кінәм бар?» - деп сұрайды ол. Сонда Низам-ул-Мүлк: «Әй, Мұхаммед! Ренжіме де, жүрегіңе жақын алма.  Сенің еш кінәң жоқ. Сол кезде маған дәрет алу қажет болды, сол күйімде Мұхаммедтің атын атау дұрыс болмас деп санадым», - деген екен.  Уа, дәруіш! Жаратылғандардың бірі дәретсіз кезде Алла Елшісінің (ﷺ) атын атағысы келмесе, онда Әлемдердің Раббысы да оның үмбетін Ол жексұрын атаған мүшріктермен бірге жинағысы келмейді.  Тақуалардың анасы Хадиша анамызда да (р.а.) көптеген құлдар мен күңдер болған екен. Бірде ол солардың әрқайсысына іші толған інжуі бар тәрелке ұстатып: “Алла Елшісі (ﷺ) келгенде, оның басына шашыңдар”, - деп бұйырады.

Бәрі бұйырылғандай жасайды. Сонда тақуалардың анасы (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) құрметіне олардың бәріне азаттық берген екен. Уа, дәруіш! Аса  мейірімді және шексіз рақым иесі Алла Тағала да Қиямет күні бас имеген біздерді Өзінің Сүйіктісінің құрметіне бола босататын болады.

Қиямет күні біздің Пайғамбарымыз (ﷺ) қайта тірілгендер жиналған жерге келіп, өз балаларын іздеп жүрген мейірбан ана сияқты: «Менің үмбетім! Менің үмбетім!», - деп шақыратындығы келтірілген. Сонда Алла Тағаладан бұйрық келеді: - Уа, Мұхаммед, өз үмбетіңді есеп беруге жібер. Алла Елшісі (ﷺ) алдымен тақуа халифтерді, мұхажирлерді, ансарларды, шахидтерді, шыншылдарды, тақуаларды, құлшылық етушілерді, әулиелерді жіберетін болады.

Ұлы да Құдіретті Алла былай сұрайды: - Сен бас игендерді келтірдің, ал бас имегендер қайда? Сен адалдарды келтірдің, ал шығынға ұшырағандар қайда? Сен намаз оқығандарды әкелдің, ал намаз оқымағандар қайда? Сен ғалымдарды әкелдің, ал қанаушылар қайда? Сен ораза ұстағандарды әкелдің, ал тыйым салған аспен қоректенгендер қайда? Сен дін үшін күрескендерді әкелдің, ал мұсылмандарды өлтіргендер қайда? Сонда адамзаттың асылы Мұхаммед (ﷺ):  «Уа, Раббым! Сенің мейірімің туралы менің пікірім мұндай болмап еді», - деп айтып, жылап жіберетін болады...

«Пайғамбарлар тарихы» кітабынан

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: